Қанипаш Қайсақызы Мәдібаева 1951 жылдың 12 ақпан күні қазіргі Алматы облысы, Алакөл ауданының Жемді ауылында дүниеге келді. Филология ғылымдарының докторы, профессор. 1968-1972 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетінде оқып, үздік дипломмен аяқтады. Орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді, республикалық «Қазақстан», «Қайнар», «Жалын» кітап баспаларында, «Жалын» журналында қызмет істеді. 1990 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушы. Қазіргі уақытта М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері. 1995 жылы «Зар Заман ағымы және Шортанбай Қанайұлының әдеби мұрасы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.1997 жылы доцент ғылыми атағын алды. 2006 жылы «Қазақ әдебиетінің XIX ғасырдағы көркемдік дамуы және зерттелуі» тақырыбында докторлық диссертация қорғап, 2009 жылы профессор ғылыми дәрежесін алды. Қ.Қ. Мәдібаеваның Скопус (Scopus) мәліметтер базасында 2 мақала және ҚР Білім және Ғылым министрлігі Білім және Ғылым саласындағы Бақылау комитетінің нұсқауындағы филологиялық басылымдарда, отандық, шетелдік халықаралық ғылыми конференцияларда, газет-журналдарда 300-ден астам ғылыми әдеби-сын мақалалары жарық көрген. ХІХ ғасырдағы әдебиет үлгілерін мұсылмандық ағартушылық тұрғыдан негіздеу міндетінде «Зар заман ағымы» (1997), «Қазақ әдебиетінің жауһар ғасыры» (2012), «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (2023), «Абай аманаты» (2022), «Ғалымхат» (2024) монографиялық зерттеулер мен оқулықтардың авторы. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихын оқыту барысында «Абайтанудағы жаңа бағыттар», «Махамбеттану», т.б. авторлық курстарын әзірледі. Қанипаш Мәдібаева әдеби-сын көркем аударма саласында да еңбектенді. Т. Драйдердің «Аяулы Керри», Р.Киплингтің «Кішкентай ертегілер», орыс халық ертегілерін, қырғыз, беларусь жазушылары шығармаларын қазақшаға тәржімалады. ҚР БжҒМ «2012 жылдың үздік оқытушысы» грантының иегері. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 75 жылдығы мерекелік медалін алған. «Ай Ару» Орталығын құрды. Әдеби-танымдық студенттік альманах шығарды. Жас зерттеушілердің «Ғылымға жол» үйірмесін жүргізеді. Магистрант, докторанттарға ғылыми жетекші.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
ҚазПИ |
Жоғары |
1972 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
16.06.1995 |
|
Доктор |
28.11.2006 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
доцент |
18.12.1998 |
профессор |
25.09.2009 |
Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
Мемлекеттік грант " ЖОО үздік оқытушысы" | 09.01.2013 |
0
құжаттар
0